Accessibility links

Жәкішевтің сақшысы Қыстаубаев адвокат қызметінен бас тартты


"Қазатомпром" ісі бойынша айыпталушы Талғат Қыстаубаев ҰҚК-нің өзіне тағайындаған адвокаты Ақан Байқановтың қызметінен бас тартты". Бұл туралы Қыстаубаевтың жұбайы Сара Сағындықова сәрсенбі күні Алматыда баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның пікірінше, "ҰҚК-нің тергеуі тағайындаған адвокат сот ісінің шынайы зерттелуіне мүдделі емес және Байқанов арнайы қызметтің мүддесін көбірек қорғаштайды". Сонымен бірге Сағындықова адвокаттың бұл іске өзінің рұқсатынсыз кірісіп кеткен, бұл уақытта отбасы жалдаған қорғаушы істі қарауға жіберілмей отыр деді.

Адвокат Байқанов, сәрсенбі күні Азаттық радиосына берген сұхбатында, өзінің қорғауындағы Қыстаубаевпен әуелден-ақ жақсы тіл табысқандығын, алайда істі қарау барысында оның жұбайы Сағындықовамен арада бірқатар түсінбеушіліктер болғандығын мәлімдеді. Сонымен бірге, Байқанов заң бойынша бұл істен өз еркімен бас тартуға құқығы жоқ екендігін атап көрсетті.

"Қазатомпром" компаниясының бұрынғы басшысы Жәкішевке ұйымдасқан топ құрып, мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келтірді және мердігер кәсіпорын басшыларынан ірі көлемде пара алды деген айыптар тағылып отыр. Ал Қыстаубаевқа тапсырылған мүлікті иемдену және оны талан-таражға салу айыбы келтірілді.

"Қазатомпром" ісін Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық соты қарап жатыр. Кезекті сот мәжілісі 18 қаңтарда өтеді.
XS
SM
MD
LG