Accessibility links

2009 жылы Ауғанстанда өлген тұрғындар саны рекордтық деңгейге жеткен


БҰҰ 2001 жылдың аяғында Талибандар елден қуылған уақыттан бері Ауғанстанда бүлікшілер мен НАТО бастаған халықаралық күштердің шабуылдары барысында қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 2009 жылы 2412-ге жеткен деп хабарлады. Ауғанстандағы БҰҰ-ның қызметі 2008 жылы құрбан болған тұрғындар саны 2118 болған, өткен жылы ол 14 пайызға артып кетті деп бағалады.


Мәлімдемеде қаза болған тұрғындардың 1630 тәліптер бастаған бүлікшілер қақтығысының құрбаны, қалғандары халықаралық күштердің шабуылдарында мерт болғандар деп атап көрсетілген.

XS
SM
MD
LG