Accessibility links

Қазақстан банктерінің сыртқы қарызы 28,4 миллиард долларға дейін азайды


Сәрсенбі күні Алматыдағы баспасөз-мәслихатында Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченконың «Дәл қазіргі уақытта Қазақстан банктерінің сыртқы берешегі 28,4 долларға дейін қысқарды» деп мәлімдегені туралы Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлады.


«Банк секторының қарызы 2007 жылғы 46 миллиард доллардан едәуір көлемде 28,4 миллиард долларға дейін азайды,- деп атап өткен Ұлттық банк төрағасы.


Григорий Марченко Альянс банк пен БТА банктердің және оның еншілес кәсіпорны Темірбанктің қарыздарын қайта құрылымдау шаралары аяқталған соң бұл көрсеткіш тағы да қысқара түседі деп айтқан.

XS
SM
MD
LG