Accessibility links

Түрмеге түскен өзбек әйелінің басынан кешкендері


23 жасар Хосият Соатова екі әпкесімен бірге 9 мамырда Ташкент түрмесіне түскенде зорлық-зомбылыққа, азаптауға душар болғандарын Азаттық радиосының өзбек редакциясына айтып берген.


Хосияттың айтуынша, 28 жасар әпкесі Райхонды түрме полициясы алдымен ұрып-соғып, қорқытып, соңынан зорлаған. Бұл туралы ешкімге айтпайсың деп ескерткен оған. Хосият екінші әпкесі Наргиз туралы ешқандай дерек біле алмағанын айтады.

Қыздардың бауыры Әбдісамат Соатовтың айтуынша апалы-сіңлілі үшеуі де түрмеде зорланған.


Түрмедегі жыныстық зорлау салдарынан желтоқсанда Райхон айы-күні толмаған сәбиге босанған.


Хосияттың өзі де түрмеде бірнеше қайтара соққыға жығылып, мамыр айындағы тергеу амалдары кезіндегі жарақаттан ауруханаға түсіп, онда екі ай жатқан.


Алты жылға бас бостандығынан айрылған Хосият түрмеден денсаулығына байланысты осы жазда кепілдікке босаған. Ал әпкелері түрмеде қалған. Олардың бәрі ұрлық жасады, бұзақылыққа қатысы бар деген айыппен 6-7 жылға бас бостандықтарынан айрылған.


Апалы –сіңлілі қыздардың түрмеде азапталып, жыныстық зорлыққа душар болдық деген шағымы жайында Азаттық радиосы өзбек редакциясының хабарынан кейін Ташкент прокуратурасы қылмыстық іс ашқанымен, түрме басшылығы оның бәрін жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG