Accessibility links

Гаитиде БҰҰ-ның 14 қызметкері өлгендігі расталды


БҰҰ өзінің Гаитидегі кем дегенде 14 қызметкері жойқын зілзала кезінде қаза болғандығын растады. Ұйымның 150-ге жуық қызметкері, оның ішінде қызмет басшысы Хеди Аннаби де хабар-ошарсыз кеткендердің санатына ілінген. Сонымен бірге, Гаитидегі халықаралық бітімгер күштер сапындағы көптеген сарбаздардың, оның қолбасшысының өлі-тірі екендігі белгісіз болып отыр.

Жер сілкінісінен қаза болғандардың жалпы саны 100 мыңнан асуы мүмкін деп хабарланды.

Әлемнің көптеген елдері Гаитиге көмек көрсетіп жатыр. Қайғылы жағдайға байланысты АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өзінің Азия елдеріндегі жұмыс сапарын үзді. Дүниежүзілік банк табиғи апаттың салдарын жою үшін 100 миллион доллар бөлетіндігін жариялады. Халықаралық қызыл крест ұйымы зілзаладан Гаитидің 3 миллиондай тұрғынына көмек қажет деп бағалады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG