Accessibility links

Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы мақсаттарын белгіледі


Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы мақсаттары лаңкестік пен тағы басқа қауіптерге назар аудару, Ауғанстанды қайта құру, ынтымақтастық пен төзімділікті алға тарту мәселелерін қамтиды. Бұл туралы бейсенбі күні Венада Тұрақты кеңестің отырысында Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлімдеді.

Ал президент Нұрсұлтан Назарбаев бейнетаспа жолдауында Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде төрт «Т» ұранымен жұмыс атқарады деп атап көрсетті. Қазақстан бұл ұйымды Trust, Traditions, Transparency, Tolerance, - яғни сенім, дәстүрлер мен ашықтық және төзімділік - деген ұранмен басқаратын болады деді Назарбаев.
XS
SM
MD
LG