Accessibility links

Зілзаладан зардап шеккен Гаитиге алғашқы халықаралық көмек жетті


Алғашқы халықаралық көмек ұшақтары Гаитиге қонды. Бұл елде сейсенбі күні Рихтер көрсеткіші бойынша 7.0 балдық зілзала орын алып, көптеген адам қаза тапты, үйлер мен үкімет ғимараттары қирады. Әлем елдері Гаити халқына көмектесуге уәде етті.

Халықаралық Қызыл крест ұйымының мәліметінше, Гаитиде 3 миллион адам немесе жалпы халықтың үштен бірі төтенше көмекке зәру болуы мүмкін. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Гаитиге көмек ретінде бұл халықаралық ұйымнан шұғыл түрде 10 миллион доллар бөлінеді деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG