Accessibility links

Саудабаев: Қазақстан демократия мен қауіпсіздікке назар аудармақ


Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуінің барысында демократиялық принциптер мен әлем қауіпсіздігін алға тартуға назар аударылады деп мәлімдеді. Бейсенбі күні Венада 56 мүшесі бар Тұрақты кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бұл уәделердің орындалуы өз елінде басталатынын атап көрсетті.

"ЕҚЫҰ жұмысының адами аспектілеріне үлкен назар аудару арқылы біз ең алдымен өз еліміздегі бұл үдеріске деген міндеттемелерімізді көрсетіп отырмыз. Қазақстанда демократизация саласындағы келесі қадамдар ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіміз барысында алдымызға қойған мақсаттарымызға сай болмақ", - деді Саудабаев.

Қазақстан өзіндегі адам құқықтары жағдайына байланысты бұл еуропалық ұйымды басқаруға лайықты ел емес деген пікірлер айтылған болатын.

Саудабаевтың айтуынша, Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы мақсаттары сондай-ақ лаңкестік пен тағы басқа қауіптерге назар аудару, Ауғанстанды қайта құру, көлік саласындағы ынтымақтастық, және төзімділікті алға тарту мәселелерін қамтиды.

Саудабаев ақпан айында жұмыс сапарымен Оңтүстік Кавказ аймағына барады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG