Accessibility links

АҚШ Астананың ЕҚЫҰ-дағы әрекеттерін қолдауға әзір


АҚШ Қазақстанды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы барысында оның осы ұйымды үлгі ретінде басқаруы мен іс жүзінде ұйымның принциптеріне сай болуына қатысты әрекеттерін қолдауға әзір. Бұл туралы Венада Тұрақты кеңестің отырысында ЕҚЫҰ-дағы АҚШ миссиясының жетекшісі Карол Фуллер мәлімдеді.

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Астананың 2010 жылғы ЕҚЫҰ-дағы мақсаттарын белгілеген болатын. Олар лаңкестік пен тағы басқа қауіптерге назар аудару, Ауғанстанды қайта құру, көлік саласындағы ынтымақтастық, және төзімділікті алға тарту мәселелерін қамтиды деді Саудабаев.
XS
SM
MD
LG