Accessibility links

Гаити астанасындағы жағдай ушығып барады


Гаити астанасы Порт-о-Пренс қаласында зілзаладан зардап шеккен тұрғындар апаттан соң бірнеше күн өтсе де құтқару жұмыстарының баяу жүріп жатқандығына өз ашу-ызаларын білдіріп жатыр.

Қызыл крест ұйымының бағалауына қарағанда, апаттан 50 мың адам қаза болуы мүмкін, үш миллион кісіге көмек көрсетілуі қажет.
Әлемнің көптеген мемлекеттері Гаитиге көмек жолдады, алайда апат аймағында құтқарушылар мен техника жетіспей жатыр. Жақын уақытта ел астанасына АҚШ-тың мыңдаған сарбазы жеткізіледі.

Құрама Штаттар, Франция және тағы бірқатар мемлекеттер Гаитиге көмек көрсету туралы халықаралық конференция өткізуге келісті.
XS
SM
MD
LG