Accessibility links

Пәкістан тәлібтерінің көсемі зымыран соққысынан аман қалды


«Талибан» қозғалысының Пәкістандағы көсемі Хакимулла Мехсуд зымыран соққысынан зардап шекпеді деп хабарланды. Содырлардың басшыларының кеңесі өтіп жатқан жерді американдық қашықтан басқарылатын ұшақ атқылаған.

Пәкістан арнайы қызметінің өкілдері мен тәлібтердің өздерінің хабарлауынша, елдің Ауғанстанмен шекаралас Солтүстік Вазиристан ауданындағы шабуылдан 12 содыр өлтірілді. Мехсуд аман қалды.

Оның басқаруындағы қозғалыс ауған тәлібтерімен және «Әл-Қаида» ұйымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ұйым соңғы бірнеше айда Пәкістанда тіркелген бірқатар терактілерді өз жауапкершілігіне алды, сондай-ақ АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери базасындағы жарылысты ұйымдастыруға қатысқан. Сол терактіден орталық барлау басқармасының 7 қызметкері қаза болған-ды.
XS
SM
MD
LG