Accessibility links

Журналист Саиповтың өліміне қатысты күдікті Тәжікстанда ұсталды


Қырғыз журналисі Әлішер Саиповты өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істе аты аталған күдікті Тәжікстанда ұсталды. Бұл туралы Интерфакс Қырғызстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Тәжік және қырғыз полициялары күдіктіні ұстау үшін бірлескен операция өткізген. Күдікті Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды ауданында ұсталған. Қазіргі таңда оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Тегі өзбек Саипов 2007 жылы 24 қазанда Қырғызстанның Ош ауданында атып өлтірілді. Журналист Өзбекстан билігін сынап мақалалар жазды, Саясат газетінің бас редакторы әрі Америка даусы радиосының тілшісі болып істеді.
XS
SM
MD
LG