Accessibility links

Алматы сотының судьясы ұшақ бортында қайтыс болды


Астана-Алматы бағыты бойынша ұшқан жолаушы аэробусының бортында Алматы қалалық сотының судьясы қайтыс болды деп хабарлады Интерфакс. Төтенше жағдай сәрсенбі күні түнде тіркелген.

Хабарларға қарағанда, ұшақ Астана әуежайынан көтерілген сәтте 53 жасар жолаушының жүрегі қысылған. Соған байланысты аэробусты Қарағанды әуежайына қондыру туралы шешім қабылданды.

Науқасқа ұшақ бортындағы кардиолог-дәрігер көмек көрсетті, алайда қарапайым процедуралар жолаушының өмірін сақтап қала алмады. Қарағанды әуежайында «жедел жәрдем» дәрігерлері судьяның жүрек талмасынан қайтыс болғандығын тіркеді.
XS
SM
MD
LG