Accessibility links

Қазақстанда атом агенттігі құрылуы мүмкін


Жұма күні Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы – Сенаттың пленарлық отырысында ядролық қауіпсіздік туралы халықаралық конвенцияларды бекітетін 4 заң жобасын қабылданды. Олар енді республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қойып бекітуіне жіберіледі.

Бірақ, сенаторлардың кейбірі батыстың баспасөз агенттіктеріндегі «Қазақстан Иранға уран сатады» деген ақпаратты жариялауынан шыққан халықаралық жанжалдан кейін және «ҚазАтомӨнеркәсібі» ұлттық атом компаниясының бұрыңғы президенті Мұхтар Жәкішевтің қылмыстық ісі бойынша өтіп жатқан сот процесіне байланысты атом энергетикасы саласында дербес агенттік құруды ұсынды.
XS
SM
MD
LG