Accessibility links

Гаити шетелдік көмекті қабылдай алмай отыр


Гаитиде шет елдерден қайырымдылық көмегі көптеп келе бастаған сайын осы елдегі көлік инфрақұрылымының жоқтығы мейлінше қатты сезіле бастады. Шағын қону алаңының босауын тосқан ұшақтар әуеде айналып ұшып жүруге мәжбүр болса, қонған ұшақтарға жанармай құятын мүмкіндік те шектеулі. Жолдардың көпшілігі жабылған, ал аралды елдің негізгі «теңіз қақпасы» болып табылатын портқа көп нұқсан келген.

Гаитидің астанасы – Порт-о-Пренс қаласында құрбан болғандарың мәйіттері көп жиналып қалса, аман қалғандар үшінші түнді ашық аспан астында өткізді.

АҚШ президенті Барак Обама қазіргі заман тарихындағы ең ірі құтқару операциясының жүзеге асырылатынын жариялап, оған алдымен 100 миллион доллар қаржылай көмек бөлді.

Гаитидегі зілзала құрбандарының саны 50 мың адамнан кем болмайтыны аныққа шығып отыр. БҰҰ-ы 12 қаңтар күнгі қуаты 7 балға жеткен жер сілкінісінен 36 қызметкерінің қаза болғанын растады.
XS
SM
MD
LG