Accessibility links

Пәкістан: Талибан көсемі тағы да аман қалды


Пәкістанның барлау қызметінің өкілдері мен тәліптердің өздері хабарлағандай, Ауғанстан шекарасына жақын Солтүстік Вазиристан ауданындағы осы әуе соққысынан 12 тәліптің көзі жойылса да, Мехсуд аман құтылды.

Ауғанстандағы тәліптермен және «Әл-Қаида» ұйымымен тығыз байланысы бар Пәкістандағы «Талибан» қозғалысы соңғы бірнеше айда Пәкістанда іске асырылған бірқатар террористік қастандықты ұйымдастырды және Ауғанстандағы АҚШ соғыс базасында болған жарылысты іске асыруға атсалысты. Сол жарылыста АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының жауапты 7 агенті құрбан болды.
XS
SM
MD
LG