Accessibility links

Түсіпбеков 2010 жылы сотталғандарға рахымшылық жариялауды ұсынды


Қазақстанның әділет министрі Рашид Түсіпбеков 2010 жылы түрмеде отырғандарға мақсатты түрде рахымшылық жасауды ұсынып отыр.

Түсіпбековтың айтуынша, рахымшылық жариялау толып кеткен түзеу мекемелеріндегі адамды азайтып, сотталғандарға ел бюжетінен бөлінген қаржы шығындарын қысқарту сияқты әлеуметтік маңызы бар шара болады. Ол бұл пікірін сенбі күнгі үкімет отырысында алға тартты.

Әділет вице-министрі Дулат Құсдаулетовтың сөзіне қарағанда, рахымшылық шарасы бойынша әйелдер, кішкентай балалары бар адамдар, мүгедектер мен Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар және орташа деңгейдегі қылмыс жасағаны үшін сотталған 25 пайыздай адам түрмеден босатылуы мүмкін деп күтілуде.

Әділет министрінің келтірген мәліметіне сүйенсек, 2010 жылдың 1-ші қаңтарында қамау мекемелерінде отырғандар саны 63 мың 838-ге жеткен.

AzattyqTV

Макронмен кездесу

Путин санкцияны айтты

XS
SM
MD
LG