Accessibility links

Мәсімов: ЕҚЫҰ-на төрағалық кезінде қамау мекемелері сынға ұшырауы мүмкін


Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов елдің ЕҚЫҰ-на төрағалығы кезінде халықаралық қауымдастық тарапынан елдің қылмыстық түзеу мекемелеріне сын айтылу мүмкіндігін Әділет министрлігіне ескертіп, бұл саладағы жұмыстарды жақсартуға кеңес берді. Бұл туралы Мәсімов сенбі күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты деп ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Премьер-министрдің сөзіне қарағанда, елдің қылмыстық-түзеу жүйесі елдің жанды жеріне айналып, шетелдік және елдегі сарапшылар оның жұмысын сынға алуы мүмкін.

Үкімет басшысы әлем елдері Қазақстанды – құқықтық мемлекет деп танып, елдегі барлық заң негіздері ЕҚЫҰ-ның талаптарына сай келетінін білуі үшін жұмысты жақсарту керек деген.
XS
SM
MD
LG