Accessibility links

Ауған парламенті үш үкімет мүшесін мақұлдады


Бүгін Ауғанстан парламенті президент Хамид Карзай ұсынған кабинет мүшелігінен үміткерлерге дауыс берулері кезінде үш кандидатты бекітті. Депутаттар елдің сыртқы істер министрлігіне Залмай Расулды, әділет министрі қызметіне Хабибулла Ғалеб, діни істермен айналысатын басшылыққа Юсуф Ниязиді мақұлдады. Бірақ парламент Карзайдың білім министріне ұсынған кандидаты Хашим Есматуллахиді кері қайтарды.

Осы айдың басында парламент Карзай ұсынған 24 кандидаттың 17-сін қабылдамай тастаған. Депутаттар көп үміткерлердің үкімет құрамында жұмыс жасайтындай білімі жоқ деген. Кейбір кандидаттар президенттің қайта сайлануына үлес қосқан саяси үзеңгілестер немесе соғыс қолбасшыларына жақын адамдар болды деп кері қайтарылды.

Карзай Ауғанстан президенті болып тамыз айындағы даулы дауыс берулерден кейін қайта сайланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG