Accessibility links

Ауған парламенті үкімет құрамына ұсынылған тек 7 үміткерді бекітті


Бүгін Ауғанстан парламенті президент Хамид Карзайдың үкімет құрамына ұсынған 17 үміткерінің басым бөлігін қабылдамай тастады.

Мақұлданған кандидаттар қатарында сыртқы істер министрі Залмай Расул, әділет министрі Хабибулла Ғалеб, діни істермен айналысатын Юсуф Ниязи бар. Бірақ парламент Карзайдың білім министріне ұсынған Хашим Есматуллахиді бастаған тағы 9 кандидатты кері қайтарды.

Ауғанстан президентінің кеңсесі таратқан мәлімдемеде, президент өзінің парламенттің шешіміне өкінішті екенін, бірақ парламенттің конституциялық шешімін сыйлайтынын айтқан.

Осы айдың басында парламент Карзай ұсынған 24 кандидаттың 17-сін қабылдамай тастаған болатын.
XS
SM
MD
LG