Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы Гаитиге барады


Бүгін БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун қуатты жерсілкінісінен зардап шеккен Гаити республикасына барып, зілзаланың келтірген залалын өз көзімен көрмекші.

Оның алдында Гаитиге АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон барып, табиғат апатының салдарларын жоюға Вашингтон көмектесетінін мәлімдеді.

БҰҰ-ның қайырымдылық істер жөніндегі өкілі зілзаланың негізгі ошағы болған Гаити астанасының батысындағы Леогон қаласындағы үйлердің 90 пайызы қираған деді. Бұл қаладағы адамдарға әлі күнге көмек келмеген.

Жергілікті билік табиғат апаты кемінде жүзмыңдай адамның өмірін әкетті деп мәлімдеп отыр. Олардың қатарында БҰҰ-ның миссиясының басшысы Хеди Аннаби мен ұйымға қызмет етіп жатқан 40 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG