Accessibility links

Патриарх Кирилл Астана соборын салуға үлес қосқандарды марапаттады


Қазақстандағы орыс православ шіркеуі Астанадағы қасиетті Успенский кафедралды соборын салуды ұйымдастырғаны үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев пен бірқатар ресмилерді марапаттады. Бұл туралы жексенбі күні Астанада сапармен жүрген Ресей патриархы Кирилл мәлімдеді деп ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Патриарх Кирилл өзінің дүйсенбі күні Қазақстан президентімен кездесіп, Назарбаевқа орыстың қасиетті храмын салуды ұмысдастырғаны үшін алғыс білдірген орденді тапсыратынын айтты.

Сонымен қатар патриарх ордендермен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовты, Самұрық-Қазына қорының басқарма төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевты, Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының президенті Асқар Маминді марапаттады.
XS
SM
MD
LG