Accessibility links

Пәкістанда тағы бір ақсақалды өлтіріп кетті


Пәкістанның Кхар қаласында талибандарға қарсы күреске қатысып жүрген жергілікті ақсақалды өлтіріп кеткен.

Белгісіз біреулер Малик Абдул Кайум көлігіне отырып жатқанда оқ атқан. Онымен бірге болған туыстары атыстан жарақат алды.

Бүгін ғана Пәкістанның қауіпсіздік қызметі Ауғанстанмен шекаралас Оңтүстік Вазиристан аймағында американдық әуе күштерінің соққысынан кемінде 7 бүлікші өлтірілді деп хабарлаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG