Accessibility links

НАТО: Хельманд провинциясында ауғандық оққа ұшты


Ауғанстанның Хельманд провинциясындағы НАТО әскерилері жергілікті ауғандықты атып өлтірді. НАТО қолбасшылығының хабарына қарағанда, Ауғанстанның қауіпсіздігін, қамтамасыз ету барысында әскери күштер өздеріне қарсы қатты жылдамдықпен келе жатқан көлікке оқ атуға мәжбүр болған.

Бұл Ауғанстандағы әскерилер мен жергілікті тұрғындар арасында болған бірінші оқиға емес. Сәрсенбі күні американдық күштер мен ауғандық жасақтар АҚШ-тың әскери базасының жанына жиналған бес ауғандыққа оқ атып жаралады.
XS
SM
MD
LG