Accessibility links

Әлемнің жетекші елдері Иранға санкция салуды талқылады


Әлемнің ықпалды алты елі Иранның ядролық жұмыстарын ауыздықтауға бағытталған жаңа санкциялар енгізуді талқылау үшін кездесті.
Ресей өкілі Сергей Рябков Нью-Йорктегі кездесуде ешқандай шешім жасалмады деді.

Британия, Қытай, Франция, Ресей, Құрама Штаттар мен Германия ресмилері Нью-Йоркте өздерінің қазан айындағы Иран ядролық отын үшін уранын айырбастасын деген ұсынысына Теһранның берген жауабын бағалауға жиналған.

Бұл кездесуге төрағалық жасаған Еуропа Одағының ресмилері алты елдің өкілдері Иран ұсынысты орындамады деген келісімге келді деді.
XS
SM
MD
LG