Accessibility links

Ауған парламенті үкіметті бекітпестен демалысқа шықпақшы


Ауғанстан парламенті президент Хамид Карзайдың жартылай толмаған үкіметтегі орындарды толықтыруын күтпестен, қысқы демалысқа шыға береді. Парламент өкілі Насиб Нуридің айтуынша, депутаттар дүйсенбі күннен бастап, ақпанның 20-на дейін қысқы демалыстарына кетеді.

Ел парламенті президент Карзай ұсынған үкімет мүшелерінің тең жартысын мақұлдамай, кері қайтарған. Жексенбі күні Карзайдың өкілі Вахид Омер енді президент үкіметтегі қалған 11 орынға үміткерді парламент демалыстан оралған соң ұсынады деп айтты.

Кедергілерге қарамастан, президент Карзай үкіметті жасақтауда аздаған прогрестер жасап келеді. Үкіметке ұсынылған 24 министрдің бүгінде тек 14-і ғана бекітілді.
XS
SM
MD
LG