Accessibility links

Патриарх Кирилл президент Назарбаевты орденмен марапаттады


Бүкіл Ресей патриархы Кирилл бүгін Алматыда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Даңқ және құрмет» орденін табыс етті деп хабарлады Ақорда.

Бұл сыйлық мемлекет басшысына Астанада қасиетті Успеньский кафедралды соборын салуды ұйымдастырғаны үшін берілді. Сонымен бірге, патриарх Кирилл президенттің ұлтаралық және дінаралық келісім саясаты үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның интеграциялық бастамаларына жоғары баға берді деп хабарланды.

Патриархтың Қазақстандағы екі күндік сапары кеше Астана қаласында басталды. Бүгін ол Алматыдағы православ шіркеуінде діни рәсімдер өткізді.
XS
SM
MD
LG