Accessibility links

Қазақстандық теннисші Голубев Үлкен Шлем турнирін жеңіспен бастады


Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Мельбурн қаласында бүгін басталған Австралияның ашық біріншілігінде американдық Марди Фишті төрт сетте - 6:2, 1:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңді. 22 жасар теннисші Үлкен Шлем турнирінің екінші турында хорват Иван Любичичпен кездеседі.

Голубевтен бөлек Австралия біріншілігіне Қазақстаннан тағы төрт теннисші - Евгений Королев, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева және Сесиль Каратанчева қатысады.
XS
SM
MD
LG