Accessibility links

Украина ауруханасындағы жарылыстан кемінде 5 адам қаза тапты


Украинаның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, елдің шығысындағы Луганск қаласындағы ауруханада жарылыс болып, кемінде 5 адамның өмірін қиды. Тағы 7 адам қираған ғимарат астында қалған.

Жарылысқа жансақтау бөлімінде қауіпсіздік техникасының сақталмауы себеп болып, ғимараттың екі қабаты құлаған. Жарылыс болғанда, үш жүздей адам ауруханада болған.

Премьер-министр Юлия Тимошенко апат орын алған ауруханаға аттанды, оқиғаның неден болғанын анықтау үшін шұғыл үкіметтік комиссия құрылды.
XS
SM
MD
LG