Accessibility links

“Азаттық” сыйлығы Есіргепов, Жәкішев және Жовтиске беріледі


Қазақстанда 2009 жылдың Азаттық сыйлығын құқық қорғаушы Евгений Жовтис, "Казатомпром" компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев және «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов алатын болды.

Бұл туралы ресми тіркеуден өтпеген Алға партиясы хабарлап, қаңтардың 19-ы күнгі Демократия күнінде бұл сыйлықтарды тапсыру салтанаты Коммунистер партиясының Астанадағы кеңсесінде өтеді деді.

Осыған дейін салтанатты шараны өткізу орны басқа жерде деп хабарланған болатын. Ұйымдастырушылар жиын өтеді деген қонақ үйдің иесіне билік қысым жасаған соң, оның орнын ауыстырдық деді.

Қазақстанның Демократиялық күштері 2003 жылы қаңтардың 19-ы күні Демократия күні деп жариялап, сол кезден бері Қазақстан демократиясына үлес қосқан азаматтарға “Азаттық” сыйлығы беріліп келеді.
XS
SM
MD
LG