Accessibility links

Британияда тәуелсіз комиссия бұрынғы қорғаныс министрін тергейді


Ұлыбританияның Ирақтағы соғысқа қатысуына байланысты тәуелсіз зерттеумен айналысатын комиссия бүгін бұрынғы қорғаныс министрі Джеф Хунды жауап беруге шақыртты.

Ол 1999-2005 жылдары Тони Блэр үкіметінде министр қызметін атқарған.

Өткен аптада комиссия мүшелерінің сұрақтарына экс-премьердің бұрынғы баспасөз хатшысы Алистер Кэмпбелл жауап берді. Оның айтуынша, Тони Блэр Саддам Хусейнде жаппай қырып жоятын қару бар дегенге шын сенген, соған байланысты АҚШ-пен бірге Ирақтағы операцияларға қатысқан.

Блэрдің өзі комиссияға 29 қаңтарға шақырылды.
XS
SM
MD
LG