Accessibility links

СІМ: Таиландта ұсталған ұшқыштарға өлім жазасы қауіпі сейілді


Таиланд астанасында қару-жарақпен ұсталған Ил-76 ұшағының экипажына өлім жазасын қарастыратын айып алып тасталынды деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.

Оның айтуынша, Таиланд билігі ұшқыштарға тағылған айыптардың ішінен жарылғыш заттарды сақтауға қатысты бапты алып тастады және экипаж мүшелеріне қарсы қарастырылып отырған баптардың жазасы 10 жылға дейінгі түрме мерзімінен аспайды.

Бұған дейін төрт қазақстандық пен Беларусь азаматынан құрылған экипажға қаруды заңсыз тасымалдады және ұшақ бортындағы жүк жөнінде билікке хабардар етпеді деген айыптар тағылғандығы хабарланған еді. Ил-76 ұшағының экипаж мүшелері бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG