Accessibility links

Канада соты экстремистік топтың көсеміне үкім шығарды


Канада соты бірнеше террорлық шабуыл ұйымдастыруды көздеген экстремистік топтың көсемі Закария Амарды өмір бойы түрмеге кесті.

Амар және оның 17 жақтасы 2006 жылы ұсталды. Тергеу барысында олардың арнайы қызмет кеңсесінде, әскери базада, қаржы биржасында және басқа да нысандарда жарылғыш тиелген жүк көлігін жаруды ұйымдастырмақ болғандығы анықталды деп хабарланды. Олар осы әрекеттері арқылы Канада әскерін Ауғанстаннан шығаруды биліктен талап етпек болған.

Бұған дейін Амар өзінің кінәлі екендігін мойындап, Канада тұрғындарынан кешірім сұраған еді.
XS
SM
MD
LG