Accessibility links

Мұхтар Жәкішевке жаңа адвокат тағайындалды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің адвокаты етіп Болат Исатаевты тағайындады. Бұл туралы Азаттық радиосына топ-менеджердің зайыбы Жәмила Жәкішева хабарлады.

Оның айтуынша, Жәкішев өзінің рұқсатынсыз қорғаушы етіп тағайындалған Исатаевты адвокат ретінде қабылдауға қарсы шығып отыр. Осы уақытқа дейін топ-менеджердің адвокаты болып келген Нұрлан Бейсекеев 18 қаңтарда денсаулық жағдайына байланысты Жәкішевті қорғаудан бас тартты. Ал қылмыстық істі қарап жатқан Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық соты Жәкішевтің отбасы жалдаған адвокат Данияр Қанафинді сотқа жібермеді.

Жәкішевке ұйымдасқан топ құрып, мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келтірді және мердігер кәсіпорын басшыларынан ірі көлемде пара алды деген айыптар тағылып отыр. Топ-менеджер биылғы мамыр айында тұтқындалып, ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысына қамалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG