Үлескерлер мен ипотека борышкерлерінің «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаевқа 2009 жылы 16 желтоқсанда Алматының Республика алаңындағы еске алу акциясына қатысқаны үшін 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сәрсенбі күні Алматы қаласының әкімшілік соты осындай шешім шығарды. Полиция Өктешбаевты рұқсат етілмеген акция ұйымдастырды деп айыптап, әкімшілік соттан қозғалыс жетекшісін 15 күнге абақтыға қамауын сұрады.
«Алаңдағы ескерткішке гүл шоқтарын қою заңсыздық емес, сол күні алаңда 1,5 мыңнан астам адам болды» деп есептейтін Өктешбаев сот үкіміне шағымданатындығын мәлімдеді.