Accessibility links

Иран прокурордың өліміне қатысты 4 адамды ұстады


Ирандық ақпарат көздері жазып жатқандай, елдің солтүстік-батысындағы Хой қаласында прокурорға қастандық жасады деген күдікпен 4 адамды қамауға алды.

Ақпарат агенттігіне Хой қаласындағы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдегендей, бұл өлімге Күрдістанның азат өмірі партиясының жікшілдері жауапты деген. Бұл топ түркиялық Күрд жұмысшылар партиясымен одақтастар.

Хой қаласының прокуроры Вали Хаджи Голизаде өткен түнде үйінің алдында атып өлтірілген. Хой Иранның Батыс Әзірбайжандағы провинциясы. Иранның батысы мен солтүстік-батысында күрдтер мен әзери азшылықтары мекендейді.
XS
SM
MD
LG