Accessibility links

Иран: Франция АҚШ-тың іздеуіндегі ирандықты босатуы тиіс


Бүгін Иран Франция билігінен Иранға сауда тыйымын бұзды деп айыпталған ирандық студентті босатуды сұрады.

37 жасар Мажид Какаванд наурыз айында АҚШ-тың сұрауымен Францияда ұсталған. Оған электроникалық жабдықтарды Ирандағы әскерилер мен азаматтық тұлғаларға жолдап отырған деген күдік келтірілді.

Иран Сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні Какавандтың кінәсі жоқ деп, оны Иранға қысым жасау үшін ұстады деп Франция билігін айыптады.

Бұларада франциялық зерттеуші ғалым Клотилде Рейсс Ирандағы үкіметке қарсы шерулерге қатысты деп Теһранда қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG