Accessibility links

В. Путин Байкалдағы қағаз зауытын қайта ашуға рұқсат берді


Ресей премьер-министрі Владимир Путин қоршаған ортаны қорғаушылардың алаңдаушылықтарына қарамастан, Сібірдің Байкал көлі жағалауындағы қағаз зауытын қайта ашатын қаулыға қол қойды.

Совет заманындағы қағаз картон комбинатының жұмысы көлдің суын ластап жатыр деген экологтартардың бірнеше жылғы шағымынан кейін 2008 жылы тоқтатылған болатын. Енді үкімет басшысы Путин өзіне ғалымдар комбинат жұмысының көлге салдары жоқ дегенін алға тартып, оны қайта ашты.

Бұл қағаз зауыты Байкал қаласының 2 мыңдай адамына жұмыс береді.
XS
SM
MD
LG