Accessibility links

Астанада оппозициялық белсенділер ұсталды


Бүгін Астанада тіркелмеген “Алға” партиясының қолдаушылары мен белсенділері қамауға алынды. Бұл туралы Азаттық радиосына полицияда отырған құқық қорғаушы белсенді Андрей Свиридов хабарлады.

Оның айтуынша, “Азаттық” сыйлығын тапсыру салтанатынан кейін оған қатысқан белсенділер мен “Алға” партиясының жақтастары Әділет министрлігінің ғимаратына жаяу барып, партияның тіркелмеуіне наразылық танытып, министрге петиция тапсырмақшы болды.

Хабарларға қарағанда, шеруге қатысқандар Астанадағы екі полиция бекетіне апарылды. “Алға” партиясының жетекшісі Владимир Козлов бастаған партияның 26 мүшесі Астанадағы Алматы аудандық ішкі істер департаментіне апарылса, қалған 35 адамды Есіл аудандық ішкі істер департментіне жеткізілген.
XS
SM
MD
LG