Accessibility links

Ярослава Шведова Мельбурнде жеңіске жетті


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Австралия ашық біріншілігін жеңіспен бастады. Мельбурндегі Үлкен Шлем турнирінде Шведова бүгін жапон теннисінің ардагері Кимико Дате-Крумды екі сетте – 6:4, 6:2 есебімен жеңді. 22 жасар теннисші келесі турда итальяндық Татьяна Гарбинмен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық теннисші Галина Воскобоева жарыстың алғашқы турында-ақ кері шегінуге мәжбүр болды. Мельбурндегі алғашқы ойынын Цветана Пиронковамен өткізген Воскобоева болгариялық теннисшіден 6:4, 6:4 есебімен ұтылып қалды.

Бұған дейін Евгений Королев пен Андрей Голубев жарыстың екінші кезеңіне қиналмай өткен болатын.
XS
SM
MD
LG