Accessibility links

Евгений Королев Үлкен Шлем турнирінің үшінші турына өтті


Биылдан бастап Қазақстан атынан шыға бастаған теннисші Евгений Королев Австралияның ашық біріншілігінде кезекті жеңісін тойлады. Сәрсенбі күні ол турнирдің 21-ші ойыншысы чех Томаш Бердыхты үш сетте – 6:4, 6:4, 7:5 есебімен жеңді. Королев үшінші турда чилилік Фернандо Гонсалеспен кездеседі.

Қазақстандық Андрей Голубев жарыс жолын екінші турда аяқтады. Бүгін ол 6:3, 3:6, 6:2, 6:3 есебімен хорват Иван Любичичке есе жіберді.

Осылайша Мельбурнде қазақстандық теннисшілерден Евгений Королев пен Ярослава Шведова ғана қалды.
XS
SM
MD
LG