Accessibility links

Түркияда Әл-Қаида мүшелері деп күдіктелгендер ұсталды


Түркияның жартылай ресми "Анатолия" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, полиция Әл-Қаида мүшелері деп күдіктелген 13 адамды қамауға алған. Сейсенбі күнгі рейд барысында тұтқындалғандардың арасында Түркиядағы жауынгерлік исламшыл топтың жетекшісі деп күдіктелген кісі бар деп хабарланып отыр. Анкара полициясы сондай-ақ қару-жарақтар мен жасанды құжаттарды және бомба жасайтын жабдықты тапқан.

Дүйсенбі күні Адана қаласындағы полиция операциясында Әл-Қаида мүшелері деп күдіктелген 20 адам қамауға алынған болатын.
XS
SM
MD
LG