Accessibility links

"Шекарасыз репортерлер" ұйымы Иранды айыптады


Баспасөз құқықтары бойынша "Шекарасыз репортерлер" ұйымы Иран үкіметін журналистерді қудалау арқылы "адамзатқа қарсы қылмыс" жасауда деп айыптады. Бұл топтың айтуынша, Иранда журналистер қамауға алынып, заңсыз абақтыда отыр, олардың кейбірімен байланыс үзілген.

Сыртқы әлеммен байланысы жоқ қамалған журналистердің жағдайын "адамзатқа қарсы қылмыс" деп атауға болады және мұндай жайт халықаралық заңды бұзады делінген "Шекарасыз репортерлер" ұйымының мәлімдемесінде.

Бұл топ әлем елдерінің үкіметтерін Ирандағы осы мәселені көтеруге шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG