Accessibility links

Кабул қауіпсіздік күштерінің санын екі есеге көбейтпек


Ауғанстан үкіметінің комиссиясы бес жыл ішінде ауған қауіпсіздік күштерінің санын 400 мыңға жеткізу жөніндегі жоспарды жариялады. Ауғанстанның ұлттық армиясы мен ұлттық полициясындағы күштердің саны қазір 191 мың шамасында.

Ауғанстан сыртқы істер министрі Омар Захилуал елдің қауіпсіздік күштерінің санын асыру жөніндегі жоспарды келесі аптада Лондонда өтетін халықаралық конференцияның алдында жариялап отыр.

Сейсенбі күні Кабулда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Оның алдында ел астанасында орын алған бірқатар шабуылдардан 12 адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG