Accessibility links

Исаков: Қырғызстандағы аштық акциясы доғарылсын


Қырғызстанның бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаков наразылық танытушыларды бір аптаға жалғасқан аштық акциясын тоқтатуға шақырды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Қырғызстандағы наразылық танытушылар өткен аптада 8 жылға түрмеге жабылған Исаковты қолдап, аштық акциясын бастаған болатын. Исаковты қолдау акциясына жалпы шамамен 40 адам қатысты. Бірнеше адам денсаулық жағдайына байланысты аштықты тоқтатты. Бірақ Біріккен халық қозғалысының жетекшісі Топчубек Турғуналиевтің айтуынша, Исаковтың қолдаушылары наразылық шарасын одан әрі жалғастырмақ.

Исаковқа қорғаныс министрі болып тұрған кезде жалған құжаттар негізінде біреуге пәтер берді деген айыптар тағылған. Исаковтың қолдаушылары мен құқыққорғаушылардың айтуынша, бұрынғы қорғаныс министріне тағылған айыптардың саяси астары бар.
XS
SM
MD
LG