Accessibility links

Полициядан босап шықққан оппозиция белсенділері үйлеріне оралды


Қаңтардың 19-күні Астанада құқық органдарының өкілдері көшеден ұстап әкеткен адамдар сол күні бостандыққа шығып, қазірде өз үйлеріне оралған. Бұл туралы сәрсенбі күні Азаттық радиосына солардың бірі – Қазақстанда тіркелмеген «Алға!» партиясы үйлестіру кеңесінің жетекшісі Владимир Козлов хабарлады.

– Біздің біздің белсенділерімізді Астананың екі аудандық полиция бөлімінде үш сағатқа жуық ұстап, ескерту жасаған соң, әкімшілік құқық бұзу оқиғасы туралы хаттама толтырып, бізді қоя берді. Барлық аймақтардан келген белсенділеріміз қазір үйлеріне жетті. Ал, сейсенбі күнгі оқиға бойынша біздің ісімізді әкімшілік сот қарай ма, жоқ па, әзірге беймәлім, – деді Владимир Козлов.

Қаңтардың 19-күні бірнеше ондаған адам «Алға!» партиясын тіркеуді сұрап Қазақстанның әділет министрлігіне хат тапсыруға барғанда оларды Астана көшесінен полиция ұстап әкеткен болатын.
XS
SM
MD
LG