Accessibility links

Иранда студенттер белсендісі түрмеге жабылды


Иран студенттер белсендісін сегіз жылдан астам уақытқа түрмеге жапты. Иранның мемлекеттік ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мажид Таваколи желтоқсанның 7-де Иранның студенттер күнінде үкіметке қарсы наразылық шарасында қамауға алынған.

Таваколиге билікке қарсы шықты, жүйеге қарсы науқан жүргізді және елдің рухани көсемі Аятолла Али Хаменей мен президент Махмуд Ахмадинежадтың беделіне нұқсан келтірді деген айыптар тағылды.
XS
SM
MD
LG