Accessibility links

Human Rights Watch: әлемде құқық қорғаушыларға қарсы жасалынатын қастандық саны өсуде


Human Rights Watch адам құқының сақталуына қатысты жыл сайынғы мәлімдемесін жариялады. Халықаралық құқық қорғау ұйымы әлем елдерінің басшыларын адам құқық қорғау мәселесіне көңіл аударуға шақырып отыр.

Ұйым басшыларының бірі Иэн Левиннің айтуынша, құқық қорғаушылардың беделі асқан сайын оларға қарсы жасалынатын қастандықтардың саны артып келеді. Левин мұндай жайттар постсоветтің елдер мен Иранды қосқанда,
көптеген мемлекеттерде орын алғандығын айтады.

Human Rights Watch ұйымының атап өткеніндей, әсіресе мұндай жағдай Солтүстік Кавказда қатты белең алған.
XS
SM
MD
LG