Accessibility links

АҚШ елшісі ҚР сот органдарын сынға алды


Қазақстандағы АҚШ елшісі Ричард Хоугланд, ҚР сот органдары шағын топтардың қаруы ретінде жиі пайдаланылады деп атап өтті.

«Қазақстанның сот органдары барлық азаматтар мүддесін көздейтін заңдылықты орнатудың орнына, көп жағдайда шағын топтардың мүддесін көздейтін қару қызметін атқарады», - делінген бейсенбі күні Қазақстандағы АҚШ елшілігі баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде. Мәлімдеме Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуіне арналған болатын.

Адами құндылықтар ЕҚЫҰ артықшылығы екендігі айтылған елші мәлімдемесінде, Қазақстанның бұл мәселеде өз ұстанымын іс жүзінде көрсетуі керегі атап өтілген.
XS
SM
MD
LG