АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бүгін Вашингтонның интернет бостандығын қорғау жөніндегі стратегиясына байланысты мәлімдеме жасайды.
Таяуда интернет-қызметінің ірі провайдері Google компаниясы Қытайдағы жұмысын тоқтатуы мүмкін екендігін жариялаған болатын. Компания өзінің мұндай қадамын Қытайдағы адам құқығын қорғаушылардың электрондық поштасын бұзу әрекетімен байланыстырады. Бейжің бұл компьютерлік шабуылдарға қатысы жоқ екендігін мәлімдеп, бірақ шетелдік интернет компанияларынан "заңға бағынуды" талап етті.
Қытай биілігі Бейжің саясатына қарсы келеді делінген вебсайттарға жиі тосқауыл қояды. АҚШ мемлекеттік департаменті Қытайдан Google компаниясына қатысты цензураға түсініктеме беруін сұраған еді.